Президент Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісімен кездесті

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы мен елші Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграция үдерістері аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамыту қажет екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Қаңтардың 29-ында Ермек Көшербаев Президент жарлығымен Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ермек Көшербаевқа дейін елші қызметін Иманғали Тасмағамбетов атқарды, ол 2019 жылдың желтоқсанында зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды.

Ермек Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды