«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша бүгін өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте жел екпіні секундына 30 метрден асады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғады, кей жерде көктайғақ болады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, Ақмола облысында жел екпіні секундына 30 метрден асады. Нұр-Сұлтанда қарлы боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні кей жерде секундына 23-28 метрге жетеді, таулы аймақтарда 30 метрден асады. Жамбыл облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, кей жерде жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, оңтүстік-батыста секундына 30 метрден асады.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні кей жерде секундына 23-28 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 15-25 метрге жетеді, көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде боран соғады, жел екпіні кей жерде секундына 25 метрге дейін күшейеді, Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Қызылорда облысында кей жерде көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні кей жерде секундына 23 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының кей жерінде көктайғақ болады, 15-20 метр/секунд жел соғады. Алматы облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл көлі ауданында 15-20 метр/секунд жел соғады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған көлік жолдары туралы мәліметті «Қазақавтожол» РМҚК картасынан көруге болады.