Бас прокуратура комитетінің мәліметінше, 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстанда барлығы 13 085 адамға іздеу жарияланды, олардың 1 066-сы өлі күйінде табылды, 1 716 адам әлі күнге дейін табылған жоқ.

Ең қайғылы статистика 2015 жылы тіркелген. Ол кезде жоғалған 2 989 адамның 448-і табылмады, 2 228-і тірі күйінде, ал 253-інің мүрдесі табылды.

2016 жылы барлығы 3 010 адам жоғалған. Олардың 2 384-і тірі күйінде, 254-і өлі күйінде табылды. Ал 372-і әлі табылған жоқ.

2017 жылы барлығы 2 679 адам хабар-ошарсыз кетті. Олардың 2 157-і тірі күйінде, 271-і өлі күйінде табылды. Ал 305 адамнан әлі де хабар жоқ.

2018 жылы 2 046 адам жоғалды. Іздестірушілер 1 540 азаматты тірі күйінде, 166 адамды өлі күйінде тапқан, 340 адам әлі табылмады.

2019 жылы 2 361 адам із-түзсіз жоғалып кетті, оның 251-і табылмады, ал 176-ы қайтыс болды. 1 934 адам тірі күйінде табылды.

Небәрі 5 жылдың ішінде 92 жасөспірім хабар-ошарсыз кеткен. Олар әлі іздестіріліп жатыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, көбіне ер адамдар жоғалады, олар негізінен «үйінен шығып кетіп, оралмаған». Айта кетейік, еліміздің заңы бойынша із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру 10 жыл өткен соң тоқтатылады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!