Мамандардың мәліметінше, күн тағы да шамадан тыс жыли түседі.
Қазақстанға келіп жатқан Атлантиканың ауа массасы республиканың көп облысында нормадан тыс жоғары ауа температурасын сақтап тұрады. Күндізгі ауа температурасы барлық аймақта дерлік 0 мен 8 градус аяз аралығында, қиыр оңтүстікте 0 мен 5 градус жылы аралығында болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.
Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфера фронттары күшті жел мен қарлы боранға, оңтүстік облыстарда жабысқақ қарға, тұман мен көктайғаққа себеп болады. Қар, боран мен тұман жолдарда 50 метрден 500 метрге дейінгі қашықтықтың көрінуін нашарлатады.