0%

Мына кадр қай фильмнен?

"Афоня" фильмінің кадры
Дұрыс! Қате!

Бұл көрініс Георгий Данелияның 1975 жылы түсірген "Афоня" комедиясынан.

Қай фильмнің басты ролін поляк актрисасы Барбара Брыльска ойнады?

Дұрыс! Қате!

Барбара Брыльска Эльдар Рязановтың 1975 жылы түсірілген "Тағдыр тәлкегі немесе Буыңыз жеңіл болсын!" екі сериялы трагикомедиясында басты рольді ойнады.

"Советский экран" журналының сауалнамасы бойынша "1972 жылдың үздік фильмі" атанған және 1973 жылы "Оскар" сыйлығына ұсынылған картина?

Дұрыс! Қате!

Станислав Ростоцкийдің "Бұл жердің таңдары мүлгіп тұрады" картинасы "Шетел тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығына ұсынылды. Бұл фильм "Советский экран" журналының сауалнамасы бойынша "1972 жылдың үздік фильмі" атанды.

Кеңес барлаушысы Максим Исаев туралы 12 сериялы көркем фильм?

Дұрыс! Қате!

1973 жылы телеэкраннан режиссер Татьяна Лиознованың "Көктемнің 17 сәті" атты әскери драмасы көрсетіле бастады. Көпсериялы көркем фильм Юлиан Семеновтың осылай аталатын романы бойынша түсірілді. Кеңес барлаушысы, Штирлиц деген фамилиямен қызмет еткен Максим Исаев туралы драма Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Алла Пугачева орындайтын "По улице моей", "На Тихорецкую" әндерін қай фильмнен естиміз?

Дұрыс! Қате!

Эльдар Рязановтың "Тағдыр тәлкегі немесе Буыңыз жеңіл болсын!" комедиясында Алла Пугачева кадр сыртында орындаған "По улице моей", "На Тихорецкую" романстары қолданылды.

"Доцент" деген лақап аты бар кейіпкер қай кинокомедиядан?

Дұрыс! Қате!

"Доцент" - режиссер Александр Серыйдың 1971 жылы түсірген "Сәт джентльмендері" фильміндегі рецидивист қылмыскер Александр Александрович Белыйдың лақап аты. Белый мен одан аумайтын Евгений Трошкиннің ролін Евгений Леонов ойнады.

Алексей Кореневтің "Үлкен үзіліс" комедиясындағы басты кейіпкер Нестор Петровичтің мамандығы қандай?

Дұрыс! Қате!

"Үлкен үзіліс" комедиясының басты кейіпкері - тарих пәнінің мұғалімі.

Михаил Булгаковтың пьесасы бойынша түсірілген фантастикалық комедия қайсы?

Дұрыс! Қате!

Леонид Гайдай 1973 жылы әйгілі жазушы Михаил Булгаковтың "Иван Васильевич" пьесасының желісі бойынша "Иван Васильевич мамандығын ауыстырады" атты фантастика жанрындағы музыкалық комедиясын түсірді.

"Чито-гврито, чито-маргалито..." әні қай фильмнің музыкалық тақырыбы?

Дұрыс! Қате!

Бұл ән Георгий Данелияның әйгілі "Мимино" трагикомедиясында айтылады. Оны фильмнің басты ролін ойнаған актер, Грузияның халық артисі Вахтанг Кикабидзе орындады.

"Без статистики вообще не жизнь… а каторга какая-то…" деген цитата қай фильмде айтылады?

Дұрыс! Қате!

Бұл цитатаны Эльдар Рязановтың 1977 жылы жарық көрген "Қызмет бабындағы роман" комедиясында басты кейіпкер Анатолий Новосельцев айтады.

Кеңес киносы: 70-жылдардағы танымал фильмдер
Жарайсыз, киноман!

Жарайсыз!

Сүйікті фильмдерді тағы бір қарап шығыңыз

Жаман емес!

Өткен дәуір шедеврлерін біліп жүрсеңізші

Ирония судьбы Тағдыр тәлкегі

Әлеуметтік желіде бөлісу: