Басты бет Жаңалықтар Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Әсет Исекешев Президенттің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Әсет Исекешев. Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы  болып тағайындалсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Әсет Исекешев бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының атқарушы директоры болып қызмет еткен еді. Бұл лауазымға ол 2019 жылдың наурызында Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босағаннан кейін тағайындалды. Мұның алдында Әсет Исекешев 2016-2018 жылдары Астана әкімі болды. Ол 1971 жылы 17 тамызда Қарағандыда туған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version