Басты бет Жаңалықтар Әсет Исекешев — Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры

Әсет Исекешев — Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры

Бір күн бұрын Әсет Исекешевтің ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Әсет Исекешев. Фото: Іnform.kz

Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымынан босаған Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. Оның тағайындалуы туралы жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды, — делінген ҚР Президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әсет Исекешев 24 наурыз күні ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен оның орнына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.

Еске салайық, бүгін, 25 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Елбасы кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version