Басты бет Жаңалықтар Ресейде Дмитрий Медведев Үкіметі отставкаға кетті

Ресейде Дмитрий Медведев Үкіметі отставкаға кетті

Ресей Үкіметі отставкаға кетті. "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин Федерация жиналысына жолдау арнағаннан кейін Дмитрий Медведев Үкіметтің толық құрамы қызметінен кететінін мәлімдеген. 

Фото: "РИА Новости/Дмитрий Астахов

Владимир Владимирович Конституцияға енгізілуге тиіс бірнеше іргелі өзгерісті белгіледі. Олар — биліктің, атқарушы, заң шығарушы және сот билігі тепе-теңдігін қалыптастыруға арналған айтарлықтай өзгерістер. Бұл тұрғыдан біз Үкімет ретінде еліміздің Президентіне барлық қажет шешімді қабылдауға мүмкіндік ұсынуға міндеттіміз. Осы жағдайда Конституцияның 117-бабына сай Үкіметтің қазіргі толық құрамымен отставкаға кетуі дұрыс болды деп есептеймін, — деді ол жолдаудан кейін Владимир Путинмен кездесуде.

https://twitter.com/Kremlinpool_RIA/status/1217447114038501378

Ресей Президенті Үкімет мүшелеріне алғыс айтты. Ол Дмитрий Медведевке Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын ұсынды. Айта кетейік, Владимир Путин Федерация жиналысына арналған жолдауында Ресей Конституциясына президенттікке үміткерлер мен президенттік мерзімге қатысты өзгеріс енгізу қажет екенін айтқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version