Жиында Әлимұхаммед Құттұмұратұлы әріптестеріне ризашылығын білдірді.
2012 жылдан бастап Атырау өңірінде әртүрлі лауазымда қызмет атқардым. 2018 жылдың маусым айында Атырау әкімі қызметіне тағайындалдым. Қаламыздағы барлық жұмысты бірігіп атқардық, өңірдегі барлық жобада әрқайсыңыздың қолтаңбаңыз бар. Бірігіп жұмыс атқарғандарыңыз үшін сіздерге ризамын, қызметімізде біз әрқашан халықтың мүддесі мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын негізге алдық, — деді Әлимұхаммед Құттұмұратұлы.
Айта кетейік, Әлимұхаммед Құттұмұратұлы Атырау әкімі қызметіне 2018 жылдың 28 маусымында тағайындалған. Енді оның қызметін Ринат Жанғылышов уақытша атқарады.