Басты бет Жаңалықтар Еліміздегі жұмыссыз жастардың білім деңгейі қандай?

Еліміздегі жұмыссыз жастардың білім деңгейі қандай?

2019 жылдың үшінші тоқсанының соңында Қазақстанда 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыс істейтін жастардың саны 2,1 миллион болды, бұл 2018 жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 3,8% көп. Бірақ осы жас шамасындағы жұмыссыз азаматтардың да қатары артып отыр. Бұл туралы Ranking.kz мамандары хабарлады. 

Фото: Project-syndicate.org

Республика бойынша жұмыс істейтін жастардың саны жөнінен Алматы облысы, Алматы және Жамбыл облысы алда. Алматы облысында 15-28 жас аралығындағы 278,1 мың адам, Алматыда 258,1 мың адам, Жамбыл облысында 199,6 мың адам жұмыс істейді.

Мұндай жас шамасындағы азаматтардың дені — 388,7 мың адам — сауда және көлік жөндеу саласында, олар — жалпы жұмыс істейтін жастардың 18,3%-і. Жастар көп еңбек ететін салалардың қатарында ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (257,2 мың адам немесе жұмыс істейтін жастардың 12,1%-і), сонымен бірге білім беру (236,3 мың адам немесе жұмыс істейтін жастардың 11,1%-і) де бар.

Жұмыссыз жастар

Елде 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны 84,7 мыңға жетті, көрсеткіш 2018 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысына қарағанда 3,4% көп (2018 жылы 81,9 мың адам болды). Бұл жас шамасындағы жұмыссыз жастардың саны 2019 жылы 2018 жылға қарағанда 3,9%-тен 3,8%-ке азайған еді.

2019 жылдың үшінші тоқсанының соңында қаладағы жұмыссыз жастардың саны бір жыл ішінде 4,3% көбейгені және ауылдағы жұмыссыз жастар саны, керісінше, 3,4%-тен 3,2%-ке азайғаны белгілі болды.

Жұмыссыз жастар саны жөнінен Алматы көш бастайды — 16,8 мың адам, одан кейінгі орындарда Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан тұр. Алматы облысында 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны — 8,9 мың, Түркістан облысында 7,3 мың адам, Шығыс Қазақстан облысында 7,1 мың адам, Нұр-Сұлтанда 6 мың.

15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың 37,1%-інің немесе 31,4 мыңнан астамының жоғары білімі бар. Жоғары білімді жұмыссыз жастардың саны бір жылда 6,9% артып отыр.

Айта кету керек, 2019 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 172 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның 34,3%-і — жастар. Былтыр 9,5 мың жастың бизнес-идеялары үшін мемлекет грант бөлді, жыл сайын 10 мың жас осындай грант алып тұрмақ. Сонымен бірге 2019 жылы 2,5 мың жас кәсіпкер бизнесін дамыту үшін микронесие алды, алдағы 3 жылда тағы 15 мың жас азамат осындай көмекке қол жеткізеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version