Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев жас кәсіпкерлерді жаппай оқыту туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев жас кәсіпкерлерді жаппай оқыту туралы айтты

Қазақстан Президенті мен Тимур Құлыбаевтың кездесуі барысында кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тимур Құлыбаев Президентке ұлттық палатаның қазіргі жұмысы мен алдағы жоспарлары және кәсіпкерлерді қолдау жөнінде қабылданып жатқан нақты шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі микро және шағын бизнесті дамытып, кәсіпкерліктің осы категориясын салықтан босату жүйесін тиімді пайдалану аса қажет екенін айтты. Президент шағын бизнестің ауқымын арттыру мақсатында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет деп есептейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version