Жер сілкінісінің алдында

Жер сілкінсі
Жер сілкінісінің қашан болатынын тап басып айту қиын, дегенмен оны кейбір жануарлар алдын ала сезеді. Мәселен, иттер қыңсылап, иелерінің аяғына оратылып, мазалайды; мысықтар марғауларын тістеп, ғимараттан шығара бастайды, егер оларды қайтадан ішке кіргізсеңіз, мысық сыртқа тасымалдауын тоқтатпайды; тышқандар індерін тастап, далаға ағылуы мүмкін; құмырсқалар да түгелімен илеуін тастап шығады; аквариумдегі балықтар, тордағы құстар да мазасыздана бастайды.

Жер сілкінісінің басталуына бірер минут қалғанда ғимарат ішіндегі электр тоқтарында ұшқын шығады; терезелерде діріл пайда болып, әйнектер сылдыры естілуі мүмкін; аспанда жарық сәулелер байқалады.

Үйдегі қауіпсіздік шаралары

  • Терезелердің ішкі жағына полимерлі целлофан немесе азық-түлікке арналған пленка жабыстырып тастаңыз. Бұл әйнектердің ұшу қаупін азайтып, жаралану деңгейін төмендетеді;
  • Ауыр жиһаздарды есіктен алыс жерлерге жылжытып, қабырғаларға тигізіп қойыңыз. Есік маңында тұрған жиһаздар құласа, жолды жауып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайда үйден шығу немесе құтқарушылардың кіруі қиын болады;
  • Жоғары сөрелерде тұрған ауыр заттарды жерге түсіріңіз.
  • Газ плитасын газ жүретін құбырға байлап тастаңыз;
  • Электр желісін, токқа қосылған құрылғыларды, пешті өшіріңіз;
  • Қол шамдарды оңай табылатын жерге қойыңыз. Себебі, қатты зілзала кезінде барлық электроэнергия көздері өшіріледі.

Жер сілкінісі кезінде

Ғимаратта болсаңыз:

  • Төменгі қабатта жүрсеңіз, дереу далаға шығыңыз. Сіздің еншіңізде 25 минут бар;
  • Жоғары қабатта болсаңыз, баспалдақтармен түскенде қабырғаларды бойлап жүріңіз, алайда оның сыртқы бұрыштарына жақындамаңыз. Ешқашан лифт қолданбаңыз;
  • Далаға шығу мүмкіндігі жоқ болса, есіктердің босағасына, үйдің сыртқы қабырғаларының бұрыштарына тұрыңыз. Ағаштан жасалған үстелдер мен төсектерді осы бұрыштарға жақын қойыңыз. Олардың астына отыру арқылы қабырғаның құлап жатқан сылақтарынан қорғануға болады;
  • Терезелер мен әйнектен жасалған өзге де бұйымдардан алыс тұрыңыз;
  • Балконға шықпаңыз.

Көшеде болсаңыз:

  • Ашық алаңда қалуға тырысыңыз;
  • Ғимарттардан, электр бағандарынан, ағаштардан алшақ кетіңіз;
  • Үзілген электр сымдарына жақындамаңыз;

Көлікте болсаңыз:

  • Көлікті ашық алаңда тоқтатыңыз;
  • Жер сілкінісі аяқталғанша көліктен шықпаңыз.

Алдын ала даялық

Дәрі-дәрмектер аптечка
Үйде:

  • Ең қажетті құжаттарыңызды жинаңыз;
  • Азық-түлік қорын ұзақ уақыт сақтауға арналған қаптамаларға салып қойыңыз;
  • Алғашқы көмекке қажетті дәрілер мен медициналық құралдарды дайындаңыз;
  • Отбасыңыздың әр мүшесіне арналған апаттық жолдорба даярлаңыз. Оған жылы киім, ыңғайлы аяқ киім, жаңбырдан қорғайтын жапқыштар, дәрі-дәрмектер мен ақпараттық парақтың көшірмесін, су мен азық-түлік салып қойыңыз.

Жер сілкінісінен кейін

Үйінді астында қалып қойсаңыз:

  • Сабыр сақтаңыз. Артық қимылдар үйіндінің одан сайын опырылып, сізді басып қалу қаупін арттырады;
  • Аяқ-қолыңызды ақырындап босатуға тырысыңыз, алайда шалт қимылдамаңыз. Сізге кедергі келтіріп тұрған ағаштар мен кірпіштерді қозғамаңыз — олар үйіндінің тепе-теңдік сақтап, құламай тұруына себеп болуы мүмкін;
  • Бос жатқан ағаштар көрсеңіз солармен үйіндіні тіреп қоюға тырысыңыз;
  • Көп қимыл жасамаңыз;
  • От жақпаңыз — ғимарат құлағанда газ құбырлары жарылған болуы мүмкін;
  • Дауыстап немесе тарсылдату арқылы көмекке шақырыңыз.

Үйінді астында қалған адамдарды іздеу кезінде

  • Тыныштық сақтаңыз. Ол көмекке зәру жандарды естуге мүмкіндік береді;
  • Үйіндіде қалған адамды тапқанда, ең алдымен оларға ауа кіретін саңылау ашыңыз;
  • Үйіндінің үстіңгі жағынан бастап аршыңыз. Ондағы ағаштар мен ірі затарды қозғамауға тырысыңыз. Оларды бірінші алсаңыз, үйіндінің басқа бөлігі адамды басып қалуы мүмкін;
  • Алғашқы көмек көрсетіңіз.

Гуманитарлық көмек

«Кселл» АҚ «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚҚ-мен бірлесіп, табиғи апаттар кезінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге арналған SMS-жәрдем жинау үшін 9777 қысқа нөмірін іске қосты.

Кселл Наталья ЕсковаЖоба қазақстандықтарға әлемдегі ең ірі гуманитарлық қозғалыстың бір бөлігі атануға, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттар аумағындағы отандастарына көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жәрдем көрсету үшін Kcell немесе activ абоненттеріне кез келген мәтіні бар, яғни бос емес хабарламаны 9777 нөміріне жіберу керек. Бір SMS құны 200 теңгені құрайды.

Мұндай жәрдем түрі табиғи апат аумағындағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін де, «Қызыл Жарты Ай» бақылауындағы гуманитарлық көмек қоймасын қалыптастыру үшін де қабылданады.