Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Синоптиктердің 9 қаңтардағы ауа райына болжамы

Фото: Айгүл Хожантаева

9 қаңтарда Қазақстан аумағында ауа райы тағы да құбылмалы болады, оңтүстікте ғана жауын-шашын болмайды, оңтүстік-батыста жаңбыр, қалған өңірлерде қар жауады. Бүгін еліміздің көп бөлігінде тұман түседі, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Жамбыл облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында тұман мен көктайғаққа, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан облыстарында және Шымкентте тұманға байланысты ескерту жарияланды.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 9-11 қаңтар күндері елімізге Атлант және Жерорта теңіздері аумағынан дымқыл әрі жылы ауа массасы келіп, ауа температурасы жоғарылайтынын және жауын-шашын мен тұман түсетінін хабарлаған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version