«Жанұя» кешені тәрбиеленушілері коньки тебуді тегін үйреніп жатыр

Алматыда мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері коньки тебуді тегін үйреніп жатыр.

Алғашқы сабақ 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта өтті. Әр жастағы 30 бала тәжірибелі 15 нұсқаушының көмегімен коньки тебуді бастады. Балаларға мұзайдында шай беріледі.

Балалар, мұзайдын
Фото: Алматы қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты — өскелең ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Балалар, мұзайдын
Фото: Алматы қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, 20 желтоқсаннан бастап балалар үйінің тәрбиеленушілері қаланың төрт тегін мұзайдынында мәнерлеп сырғанауды үйреніп жүр. 2020 жылдың көктеміне дейін балалар үйінің 80-нен астам тәрбиеленушісі коньки тебе алатын болып шығады. Оқу курсы аяқталысымен балаларға сыйлықтар беріледі.

Балалар, мұзайдын
Фото: Алматы қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі