Апельсин мен мандарин бір-біріне ұқсас жеміс болғанымен олардың құрамы әртүрлі. Апельсин жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесі үшін аса пайдалы. Шырыны ағзадағы заталмасу процесін жақсартады.

Қант диабеті ауруына шалдыққан адамға апельсинді, оның шырынын жиі қолдануға кеңес беремін. Ол адамның тәбетін ашады, безгек кезінде дене қызуын басады, — дейді диетолог.

Дәрігердің айтуынша, апельсин құрамында А, С, В1, В2, РР витамині, магний, фосфор, натрий, калий, кальций және темір элементтері бар. Кальций сүйек тініне негіз болса, С витамині вируспен күреседі. Жеміс құрамындағы аскорбин қышқылы рак жасушаларының пайда болуына жол бермейді.

Апельсинді жиі тұтынудың және одан жасалған косметиканы шашқа қолданудың пайдасы көп. Мұндай косметика шаштың түбін қатайтып, түсуін азайтады, — дейді Динара Мырзағали.

Мандариннің де емдік қасиеті мол. Ол негізінен адамның шөлін қандырады.  Таңертең мандарин шырынын ішуді әдетке айналдырсаңыз, өкпеңіз тазарады.

Мандарин қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы болатын витаминдерге ие. Бірақ цитрус жемістеріне аллергиясы бар адам абай болуы керек, — дейді маман.

Мандариннің қабығы бронхит, тері аурулары, іш кебу, ұйқысыздық, қан қысымының артуы сияқты ауруларға қарсы ем бола алады.

Диетологтың айтуынша, тұмау жұқтырған кезде мандарин қабығы ұнтағының бір уысын қайнатып, оның буымен дем алу керек. Бұл әдістен соң 1-2 сағат салқын жерге шықпаған абзал.

(Фото: Goodfon.ru)