Боран, жел, тұман: желтоқсанның 26-сындағы ауа райы

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша бұл күні өңірлерде тұман түседі, боран соғады, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді, тұман түседі.

Ақмола, Павлодар облыстарында жаяу бұрқасын мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарында тұман түседі, Алматы, Жамбыл облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге, Ақтөбе облысында 18 метрге жететін жел соғады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған автожолдар туралы ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтынан білуге болады.