Басты бетЖаңалықтарЖелтоқсанның 25-індегі...

Желтоқсанның 25-індегі ауа райы: тұманды әрі желді күн

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, желтоқсанның 25-інде Қазақстан аумағының басым бөлігіне Атлантика антициклонының жотасы әсер етеді, сол себепті республиканың солтүстігі мен шығысынан басқа өңірлерде қар жаумайды. Күн тұманды, боранды, желді болады.

Ақмола, Павлодар облыстарында боран соғады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, боран мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Алматы облыстарында да секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында күн тұманды болады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі. Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады.