Қолданушылар жасырын түрде Instagram-ға таныстарының бірі күйзелісте жүргенін және өзіне зардап тигізетін әрекетке баруы ықтимал екенін хабарлай алады. Әлеуметтік желінің әкімшілері тез арада оған «шұғыл желі» қызметкерлеріне хабарласу, досымен сөйлесу немесе Instagram қызметкерлерінен кеңес алу сияқты көмек ұсынады.
Аталған әлеуметтік желінің атқарушы директоры Марн Левиннің айтуынша, жаңа тетікті құрастыру кезінде олар адамның психикалық саулығын зерттейтін сала мамандарымен ақылдасқан.