Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Бас прокурор қадағалаушы органның биылғы жұмысының қорытындысы мен еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады.
Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеген. Бас прокурор Президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері мен қылмыстық процеске цифр технологиясын енгізу туралы да мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ете беру қажет екенін айтып, бірнеше нақты тапсырма берді.