«Қазгидромет» синоптиктері 21-23 желтоқсан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Мамандардың болжамына қарағанда Қазақстанға жылу мен дымқылдың мол қорынан тұратын Атлантика циклоны ығысады.
Циклонның алдыңғы бөлігінің және жылы фронттың әсерінен алдағы тәулікте ауа температурасы жоғарылайды, қар жауады, боран мен екпінді жел соғады. Республиканың оңтүстігінде және шығысында жылбысқы қар жауып, көктайғақ болады, — деп хабарлады мамандар.
Одан кейінгі 2 тәулікте циклон мен Арктиканың суық фронтының шығысқа жылжуына байланысты елімізде ауа температурасы қайта төмендейді. Солтүстік облыстарда ғана емес, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да қар жауып, боран соғады.