Басты бет Жаңалықтар Мәдина Әбілқасымова Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті

Мәдина Әбілқасымова Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысына бірнеше тапсырма берді, жаңа ведомство Алматыда жұмыс істемек.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады.

Ақорда сайтының хабарлауынша, Мәдина Әбілқасымоваға Президент банк жүйесін тұрақтандыру мен қаржы секторын дамыту туралы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңа агенттік Алматыда болады. Бұл туралы бұған дейін де хабарлаған едік.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәдина Әбілқасымова Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version