Басты бет Жаңалықтар Ерболат Досаев Президентке зейнетақы активтері туралы айтты

Ерболат Досаев Президентке зейнетақы активтері туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшысына тапсырмалар берді.

Ерболат Досаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Аkorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерболат Досаев Президентке биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтын-валюта қорының ахуалы мен Ұлттық қор активтері, сонымен бірге еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берді.
Ұлттық банк төрағасы «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында да баяндады.
Кездесуде Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін жеке компаниялардың басқаруына беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы да қаралды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version