Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады.
Ақорда сайтының хабарлауынша, Мәдина Әбілқасымоваға Президент банк жүйесін тұрақтандыру мен қаржы секторын дамыту туралы бірқатар нақты тапсырма берді.
Жаңа агенттік Алматыда болады. Бұл туралы бұған дейін де хабарлаған едік.
Еске салайық, 18 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәдина Әбілқасымова Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.