«Қазгидромет» мамандары желтоқсанның 19-ы мен 21-і аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктердің болжамына қарағанда Скандинавияның оңтүстігінде қалыптасып жатқан кезекті циклон 19 желтоқсанда Ресейдің Еуропадағы бөлігіне жылжиды да, оның атмосфера таралымдары Қазақстанның батысында жауын-шашынға себеп болады.
Циклон мен таралымдардың шығысқа жылжуына қарай республиканың қалған аумағында да жауын-шашын, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік облыстарда қар жауады, боран мен батыстан күшті жел соғады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.