Үйге арналған ауаылғалдатқыш құрал

Ауа температурасы мен оның ылғал болуы — адам организміне көп ықпалы бар факторлар. Бұлар дұрыс болмаса, адам өзін жайсыз сезініп, жұмысқа қабілетін де төмендетіп алуы мүмкін. Үйде әсіресе бала болса, бұған аса мән берген жөн. Егер отбасылы жандарға Жаңа жылға сыйлық беруді жоспарласаңыз, ауаны ылғалдандырып, тазартып отыратын құрал нағыз сіз іздеген нұсқа болуы мүмкін.

ауа ылғалдатқыш
Фото: Pixabay.com

Ылғалдатқыштар үш түрге бөлінеді: классикалық (дәстүрлі), бу және ультрадыбысты. Үйге ауаылғалдатқышты аларда оның жұмыс істеу принципін, құрылғының ерекшелігі мен функционалын түсінуіңіз керек. Ең дұрысы — құралды маманның кеңесіне жүгіне отырып таңдаңыз.

Ауаылғалдатқыштардың нарықта алуан түрі бар. Бағасы 6 мың теңгеден басталып, 300 мың теңгеге дейін жетеді.

Huawei Watch GT2 ақылды сағаты

Huawei — өзінің меншікті процессоры әрі жеке дизайнымен техника шығаратын аз компаниялардың бірі. Біз сыйлық ретінде ұсынып отырған жаңа модель — Huawei Watch GT2 ақылды сағатының ерекшелігі — қуаты 30 күнге дейін шыдайды.

Сағаттың екі түрі бар: бірі тұтас қара силикон белдікшемен, екіншісі сұр түсті, белдікшесі қоңыр. Сағат дизайны классика үлгісінде, келісті. Бұл оның негізгі мықты тұсының бірі деп есептеледі. Дисплейінің диаметрі — 46,5 миллиметр. Корпусы тот баспайтын болаттан, ал дисплей жиегі керамикадан жасалған.

Төменгі жағында тамыр соғысын өлшейтін датчик орналасқан. Басқаруға арналған екі клавиш бар. Бірі мәзірге апарады, екіншісі «Жаттығу» категориясын ашады. Ақылды сағатқа барометр, компас, оятқыш, таймер, секундомер, шам, «телефонды табу» және тағы басқа функциялар қосылған. Бұл сағатты сыйлық қып ұсыну тиімді деуге болады. Сатып алғаныңызда қара түсті soft-touch материалды қорапқа салып береді. Сол себепті оны сәндеп орау қажет болмауы мүмкін. 

Сағатқа Huawei Health мобайл қолданбасы арқылы қосылуға болады. Оны Android 4.4 немесе одан жоғары, iOS 9.0 немесе одан жоғары нұсқасында жүктеуге мүмкіндік бар. Ақылды сағаттың нарықтағы бағасы — 89 990 теңге.

Автокөлікке арналған термосаптыаяқ

Жақыныңыздың кофе-шайы әрдайым ыстық болсын десеңіз, осы нұсқаға да мән бергеніңіз жөн болар. Бұл — уақытының көп бөлігі көлік рөлінде өтетін жандарға арналған нағыз қажет сыйлық. Саптыаяқ темекі тұтатқыш арқылы жұмыс істейді. Көлемі 500 миллилитрге дейін, қақпағы жабылады.

Термосаптыаяқты таңдағанда салондағы стақан қойғыштың диаметрін өлшеңіз. Көлікте жылдамдық өзгеріп отыратындықтан ыдыс оған берік орнатылуы керек. Көлік айдап келе жатқанда алу ыңғайлы болуы үшін қатты бекіп қалмауын да ескеріңіз.

термоыдыс
Фото: Dinstvennaya.ua

Термоыдыс әдетте мына материалдардан жасалады: пластик, керамика, тоттанбайтын болат және нейлон. Оның сыртына сыйлық иесінің есімін немесе жылы сөздер жаздыртсаңыз да болады. 1000 теңге мен 30 мың теңге аралығында бағаланатын ыдысты қалауыңызша таңдай аласыз.

Huawei FreeBuds 3 сымсыз құлаққабы

Сымсыз құлаққап та ұнамды сыйлық болары сөзсіз. Huawei FreeBuds 3 — күнделікті тұрмыста, демалыс және спортпен шұғылданғанда жайлылық пен ыңғайлықты қалайтындарға арналған қолайлы және сәнді девайс. Онымен заманауи акустикалық технологиялар арқасында шулы ортада сөйлесуге, музыка тыңдауға мүмкіндік бар. Huawei FreeBuds 3-те микрофонын желден қорғайтын конструкция қарастырылған.

FreeBuds 3 құлаққабы екі түсті: бірі — қою қара, екіншісі — керамикалық ақ түс. Huawei логотипі бар кейс дискінің диаметрі — 60,9, биіктігі — 21,8 миллиметр. Соның өзінде салмағы — 48 грамм, әр құлаққап өлшемі — 41,5х20,4х17,8 миллиметр, салмағы — 4,5 грамм.

Құрастырушылар негізгі форма ретінде дельфиннің дыбыс қуысын үлгіге алған. Бұл құрылғының құлаққа ыңғайлы кіруіне, дыбыс модуляциясына ыңғайлы. IPX4 категориясындағы сыртқы корпус су өткізбейді. Жаңбыр астында да музыканы еркін тыңдауға болады.

Мұндай сыйлықты 69 890 теңгеге ала аласыз.

Компакт фотопринтер

Фотографияларды тек телефонда емес, қағазға шығарып сақтағанды ұнататындар үшін керемет сыйлық. Өмірдің маңызды сәттерін естелікке айналдыруды жақсы көретін отбасы үшін де таптырмас құрал болмақ. Оның көмегімен санаулы секундта кез келген жағдайда фотоны шығарып алуға болады. Мұндай принтерде фотоколлаж жасауға, ашықхат, шақыру билеттерін шығаруға болады.

Huawei, фотопринтер
Фото: Илья Кайгородов / Photar.ru

Құрылғының орташа бағасы 10-15 мың теңгеден басталады.

(Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов)