Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл» партиясының төрағасымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Әли Бектаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа партия мүшелері Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі мен Президенттің жастар кадр резервін құру және ауыл шаруашылығын дамыту туралы бастамаларды толық қолдайтынын айтты. Саяси партия басшысының пікірінше, Президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру туралы тапсырмасы өте өзекті.

Әли Бектаев Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығын жүйелі қаржыландыру үдерісін реформалауға және шалғай елді мекендерді өркендетуге қатысты ұсыныстарын да айтты.