«Қазгидромет» мамандары 12-14 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Атлантикадан жылы ауа массасын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа қарай ауысып жатыр. Сондықтан Қазақстанға Баренц теңізінен Арктиканың суық ауасы келеді де, республиканың көп облысында күн суиды, қар жауады, кей жерде қар толассыз жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік облыстарда солтүстік-батыстан бораны бар күшті жел соғады, — деп хабарлады синоптиктер.
Мамандардың мәліметінше, ауаның орташа көпжылдық шамадан 4-10 градус жоғары температурасы желтоқсан айына тән қалыпты температураға ауысады.