Мәскеуді 18 жыл басқарған Юрий Лужков қайтыс болды

Ресей мемлекет және саясат қайраткері, Мәскеудің бұрынғы мэры Юрий Лужков 83 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Юрий Лужков өмірінің соңғы күндерінде Еуропада болған. «РЕН-ТВ» телеарнасына саясаткердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның бұрынғы көмекшісі Тимур Шогенов растады. Мәскеудің экс-басшысы Мюнхенде жүрегіне операция жасатқан.

Юрий Лужков 1936 жылы 21 қыркүйекте Мәскеуде туған. Ол 1992 жылдың маусымында Ресей астанасының мэры болды. 2010 жылдың қыркүйегінде елдің сол кездегі Президенті Дмитрий Медведев оны «сенімнен айырылуына байланысты» қызметінен босатты. Отставкадан кейін Юрий Лужков Калининград облысында бизнеспен айналысты, ал әйелі — кәсіпкер Елена Батурина Еуропаға қоныс аударды.