Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Ангела Меркельмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.

Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі Федерация канцлерінің ведомство ғимаратының алдында өтті. Қазақстанның, Германияның және Еуропа одағының Тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.

Опубликовано Беріком Уәли Четверг, 5 декабря 2019 г.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды.

Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан Президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді, — делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелерін де талқылаған.