Басты бет Жаңалықтар Алдағы 3 күнде қар жауғанымен температура төмендемейді

Алдағы 3 күнде қар жауғанымен температура төмендемейді

"Қазгидромет" мамандары 5-7 желтоқсан күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Фото: Washingtonpost.com

Болжамға қарағанда алдағы 3 тәулікте жауын-шашын мен тұман түсіп, көктайғақ болады.

Синоптиктердің мәліметінше, қазір Атлантиканың жылы әрі ылғал қоры бар циклондары Ресейдің Еуропа бөлігінен Батыс Сібірдің солтүстігіне жылжып жатыр. Онымен бірге жүретін атмосфера фронттары Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Сондықтан алдағы 3 күн ішінде республиканың көп облысында жабысқақ қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде батыстың екпінді желі мен боран соғады, бірақ ауа температурасы көпжылдық орташа шамадан жоғары болады, — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Бұған дейін «Қазгидромет» мамандары желтоқсан айында ел аумағының көп бөлігінде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері норма шамасында болатынын хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version