Басты бет Қоғам Қыстың алғашқы айында ауа райы қандай болады?

Қыстың алғашқы айында ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" кәсіпорны желтоқсандағы ауа райына болжам жасады. Бұл айда ел аумағының көп бөлігінде ауа температурасы нормаға жақын болады.

Фото: W-n.com.ua

«Қазгидромет» кәсіпорны желтоқсандағы ауа райына болжам жасады. Мамандардың мәліметінше, қыстың алғашқы айында ел аумағының көп бөлігінде ауа температурасы нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде нормадан 1 градус төмен, оңтүстік пен оңтүстік-батыста 1 градус жоғары болады.

Жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының көп бөлігінде норма шамасында және нормадан көп, республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз болады.

Оңтүстік циклонның әсерінен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын түседі, оңтүстіктің кей жерінде толассыз жауын-шашын (көбіне жаңбыр жауады) мен тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 25 метрге күшейеді, солтүстік өңірлерде боран соғады, ауа температурасы көтеріледі, — дейді мамандар.

Бірінші онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массасы келіп, республиканың көп бөлігінде ауа температурасы ауытқиды. Батыста, солтүстік-батыста температура түнде 3-13 градус аяздан 8-15 аязға дейін, оңтүстік-батыста 3 аязға дейін төмендейді, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылыға көтеріледі, оңтүстік-батыста 8 градус жылыдан 2-10 аязға дейін төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 3-8 градус жылы болады, кей жерде сынап бағанасы 5 градус аяздан 13 градус аязға дейін, күндіз 5-15 градус жылыдан 0-5 градус жылыға дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде температура 5-15 градус аяздан 0-8 градус аязға ауытқиды, күндіз 3 градус аяз бен 5 градус жылы шамасынан 2-12 градус аязға дейін өзгереді.

Бұдан кейінгі суық кезең екінші және үшінші онкүндіктерде болады: еліміздің оңтүстік-батысында түнде 10-20 градус аяз, күндіз 5-10 градус аяз болады, солтүстік-шығыста түнде 20-35 градус аяз, күндіз 10-20 градус аяз болады, — делінген синоптиктердің болжамында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version