Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельмен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев 5-6 желтоқсанда Германияда болады. Мемлекет басшысының ресми сапары туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Сапар барысында канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. Сапар бағдарламасына Мемлекет басшысының Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген, — деп хабарлады Берік Уәли Facebook-та. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде саясат және қоғам қайраткерлерінің, мемлекеттік орган өкілдерінің, «Германия — Орталық Азия» парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді. Президент Берлин Еуразия клубының 28-отырысына қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге неміс компанияларының басшыларымен кездеседі.