Басты бет Жаңалықтар Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады

Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күн тұманды болады.

Фото: Pikstok.ru

29 қарашада Қазақстан аумағының көп бөлігінде тағы да жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Батыста ғана жаңбыр, қар жауады.

«Қазгидрометтің» болжамына қарағанда елдің көп бөлігінде тұман түседі, оңтүстік өңірлерде жел күшейеді.

Манғыстау, Атырау облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, көктайғақ болады, Атырау облысында тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда облыстарында да секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, тұман түседі. Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version