Ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасын жыл соңына дейін шеттетпейді

«2016 жылдың соңына дейін ешкім спорттан шеттетілмейтінін айтуға болады. Бұл мәселе бойынша Спорттық арбитраждық сот пен Халықаралық олимпиада комитеті құқықтық баға беру керек, осы ұйымдармен кеңес өткізуден кейін ғана белгілі бір шешім қабылданады, — деді Агапитов. — Допингпен күрес мәселесі басты назарда болмақ».

Ол жарыстарға қатысудан шеттелу тоғыз мемлекетке, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қытай және т.б. үшін өзекті екенін атап өтті.

ДереккөзҚазАқпарат