Басты бет Жаңалықтар 3 желтоқсандағы ауа райы: қар жауып, жел күшейеді

3 желтоқсандағы ауа райы: қар жауып, жел күшейеді

3 желтоқсанда циклон жырасының әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

Фото: News.trust.org

Республиканың батысы мен шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында көктайғақ болады.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, Қызылорда облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі, Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында жел екпіні секундына 22 метрге дейін күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version