Басты бет Жаңалықтар Қар жауып, жаяу бұрқасын соғады — сейсенбідегі ауа райы

Қар жауып, жаяу бұрқасын соғады — сейсенбідегі ауа райы

26 қарашада республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, шығыста жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Фото: 1obl.ru

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда сейсенбіде Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, тұман түседі. Қостанай, Қарағанды облыстарында да жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, Қарағанды облысында көктайғақ болады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында күн тұманды болады.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары 26-28 қараша күндері жауын-шашын түсетінін, бірақ температура жоғарылайтынын хабарлады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version