Алматы әкімі қаржыгерлерді Ұлттық валюта күнімен құттықтады

Атаулы күнге орай Алматыда капиталмен жұмыс істейтін еліміздің барлық қаржыгері нарық және экономиканың нақты секторының маңызды мәселелерін талқылаған жиын өткізді. 

Кездесуде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев көрсеткіштер нәтижесі бойынша қорытынды есеп оқып оқыды.

Алматы — еліміздегі экономиканың негізгі орталығы. Көрсеткіштер нәтижесі бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі — 23%, қаржылық белсенділік несиелер 60%-тен асты, ал депозиттер 40%-ке тең. Нәтижиесінде, іскерлік белсенділік жақсарып, несиелендіру жұмыстары жоғарылады. Осындай жұмыс үшін қаржыгерлерге ризашылығымды білдіргім келеді, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Жиынға қатысушы қаржы мамандары еліміздегі экономикалық инфрақұрылымды талдап, тұрақты қаржы жүйесін дамыту бойынша мәселелерді талқылады.

ДереккөзAlmaty.tv