Бақытжан Сағынтаев II Almaty Film Festival шарасына қатысты

Қала басшысы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Италия, Әзербайжан, Болгария, Бангладеш, Португалия, Сингапур, Палестина мен Аргентинадан келген қонақтарға ілтипат білдірді.

Фестивальдің өтіп жатқанына екі-ақ жыл болды. Бірақ ол әлемдік киножобалар күнтізбесінде өзіне лайық бағасын алды. Бұл — Ақан Сатаев секілді киноға ғашық жандардың ерен еңбегі. Осындай энтузиастардың арқасында фестиваль қала көркінің бір бөлігіне айналды, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысының айтуынша, коинофестиваль Алматының жетістігін еселей түседі.

Алматы — жанға жылу сыйлайтын жайлы әрі креативті қала. Ал оның тұрғындары кино өнерін бағалай алады, түсінеді. Мұндай шаралар еліміздің мәдени астанасы Алматының атын асқақтата түседі, — деді Бақытжан Сағынтаев.