Басты бет Жаңалықтар Демалыс күндеріндегі ауа райына болжам жасалды

Демалыс күндеріндегі ауа райына болжам жасалды

Алдағы 3 тәулікте еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болып, қалған өңірлерде тұман түседі. "Қазгидромет" мамандары 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасады.

Фото: Sibdepo.ru

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндердің ауа райына бұрынғысынша Сібір антициклонының тау сілемдері ықпал етеді.

Республиканың көп облысында ауа температурасы орташа көпжылдық шамадан төмен болады және жауын-шашын болмайды. Қауіпті құбылыстардан түнгі және таңғы мезгілде 50-500 метр қашықтықты көрсетпейтін тұман түседі, — дейді синоптиктер.

Сенбі мен жексенбіде Қазақстанның батысында және дүйсенбі күні оңтүстікте атмосфера фронттарының өтуінен жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version