Қазанның басынан бері Шығыс Қазақстан облысында «Шығысэнерготрейд» серіктестігі және оның алдында Батыс Қазақстанда «Батысэнергоресурс» серіктестігі электр энергиясы бағасын өсірген. Шығыс Қазақстан облысында электр қуатын тұтыну индексі 104,9% болса, Батыс Қазақстан облысында 110,8% болды.
Күз ортасында Қазақстанның басқа өңірлерінде электр энергиясы тарифі өзгерген жоқ, бірақ 1 қарашадан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматыда және Алматы облысында бағаны көтерді.
Қазан айында электр энергиясының құны тұтыну және электр плитаны қолдану көлеміне қарай қыркүйекпен салыстырғанда орташа 1-1,5% жоғарылады.
Республика бойынша тарифтің орташа өсуіне негізінен электр энергиясының Оралда, Өскеменде және Семейде қымбаттауы себеп болған.
Электр энергиясы электр плитасын қолданатындар үшін де, қолданбайтындар үшін де қымбаттап отыр, Оралда баға тұтыну көлеміне қарай 10,7-10,8% өскен, Өскемен мен Семейде электрді тұтынудың бірінші деңгейі бойынша баға 3,8%, екінші деңгейі бойынша 7%, үшінші деңгейі бойынша 6,9% көтерілген.
Электр плитасын қолданатын тұрғындар бойынша ең жоғары тариф Алматыда тіркелген: бірінші деңгей — 1 киловатт-сағатына 1 653 теңге, екінші деңгей — 2 137 теңге, үшінші деңгей — 2 671 теңге. Электр плитасын қолданбайтын тұрғындар бойынша да ең жоғары тариф Алматыда болып отыр.