Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков «Ала-Арча» резиденциясында шағын құрамдағы келіссөз жүргізді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттағы және халықаралық құрылымдар аясындағы мәселелерді қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке жасаған мемлекеттік сапарына зор мән беретінін және екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ екенін айтты. Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президентінің сапары екі ел қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы басшысын 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Айта кетейік, Қазақстан Президентінің қырғыз еліне мемлекеттік сапары 2 күнге жалғасады.