Басты бет Жаңалықтар 27 қарашада ауа райы қандай болады?

27 қарашада ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Маңғыстау облысында жел екпінінің секундына 23 метрге дейін күшейетініне байланысты ескерту жариялады.

Фото: Iz.ru

27 қарашада республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады, қар жауады, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, батыс пен шығыста жел күшейеді, еліміздің орталық бөлігінде көктайғақ болады.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, кей жерде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Маңғыстау облысында жел екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version