Басты бет Жаңалықтар 22 қазанда еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді

22 қазанда еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді

Синоптиктердің болжамына қарағанда, атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста  ауа райы құбылмалы болады.

Фото: Wallpapers-image.ru

Гидрометеорологтар 22 қазан күні ауа райы қандай болатынын хабарлады. Кең алқапты антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Жамбыл, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Түркістан облысында түнде 1 градус суық болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version