Басты бет Жаңалықтар Алматыда қардың қалыңдығы 18 сантиметрге жетті

Алматыда қардың қалыңдығы 18 сантиметрге жетті

Әкімдіктің мәліметінше, Алматы көшелерін 1700-ден астам жұмысшы қардан тазалап жатыр.

Фото: Liter.kz

Алматыда тәуліктен астам уақыт бойы қар жауып жатыр. Қар 25 қарашада түстен кейін тоқтауы мүмкін. Әзірше қалаға қалыңдығы 8-13 сантиметр қар түсті, ал тау етегіндегі аудандарда қар қалыңдығы 18 сантиметрге жетті.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көктайғақты болдырмау мақсатында түн мезгілінде көше-жолдарға арнайы материал себілді, қар жауған кезде төгілгені — 4 609 тонна. Түнде 417 арнайы техника, оның ішінде құмлақтырғыш 172 техника жұмыс істеді, көшелердің қарын тазалауға 627 жұмысшы шықты.

Алматыдағы қар
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Ал қазіргі уақытта 508 техника мен 1 788 адам жұмыс істеп жатыр.

Таңғы тығыз уақытқа дейін тротуарлар, ортақ пайдаланылатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан тазартылды, — деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 25 қарашада елімізде батыстан басқа өңірлердің бәрінде қар жауатынын хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version