Басты бет Жаңалықтар Алматыда Бала құқығы туралы конвенцияның 30 жылдығы аталып өтті

Алматыда Бала құқығы туралы конвенцияның 30 жылдығы аталып өтті

Бала құқығы туралы конвенцияның қабылданғанына 30 жыл және Қазақстанда бала құқығы туралы Конвенцияны ратификацияланғанына 25 жыл толды.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Атаулы датаға орай, Алматының Әуезов ауданы әкімі Сайран Сайфеденов №27 гимназиядағы «Бүгін және келешек: әр баланың қорғалған балалық шағы» сабағына қатысты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сайран Сайфеденов балалар құқығын қорғауға қатысты атқарылған жұмыс жөнінде және инклюзив білім беру мәселесі жайында айтты.

Балалармен әңгімелесу барысында аудан әкімі оларды мейірімді, қайырымды, ұқыпты болуға шақырды. Олардың болашағы үшін үкімет барлық жағдай жасап жатқанын да айтты, — деп жазылған хабарламада.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version