Басты бет Жаңалықтар Денис Теннің балалық шағындағы видеолары жарияланды

Денис Теннің балалық шағындағы видеолары жарияланды

Денис Теннің жақындары отбасылық мұрағаттағы видеоларын жариялады. 

@zakon.kz

Төмендегі видеода Олимпиада жүлдегерінің алты айлық кезі түсірілген. Видеоға ағасы Алексей түсіріп тұр.

Екінші видеода Денис Тен алғашқы сұхбаттарының бірін береді. Мәнерлеп сырғанаушы күш туралы сөйлесіп, мұздағы дағдыларын көрсетеді.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр. Қазір Олимпиада жүлдегері атындағы қоғамдық қорды тіркеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Алматы әкімдігі Денис Теннің құрметіне мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирді жыл сайын өткізу міндетін жауапкершілігіне алды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні кісі қолынан қайтыс болды. Денис Теннің қазасы күллі әлем жұртшылығын тебірентті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version