Атаулы датаға орай, Алматының Әуезов ауданы әкімі Сайран Сайфеденов №27 гимназиядағы «Бүгін және келешек: әр баланың қорғалған балалық шағы» сабағына қатысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сайран Сайфеденов балалар құқығын қорғауға қатысты атқарылған жұмыс жөнінде және инклюзив білім беру мәселесі жайында айтты.
Балалармен әңгімелесу барысында аудан әкімі оларды мейірімді, қайырымды, ұқыпты болуға шақырды. Олардың болашағы үшін үкімет барлық жағдай жасап жатқанын да айтты, — деп жазылған хабарламада.