Ветеринарлар жалақысы бір жылда 23% көбейді

2019 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша ветеринария саласындағы орташа айлық жалақы 112 мың теңге болды. Finprom.kz мамандарының мәліметінше, бұл былтырғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 22,8% көп, былтыр ветеринарлардың орташа жалақысы 91,2 мың теңге болған еді.

Салыстыру үшін айта кетсек, биылғы 9 айда еліміздегі жалпы орташа жалақы 14,6% өскен. Дегенмен экономиканың басқа секторларында жалақы ветеринарияға қарағанда жоғары.

Ветеринария саласында жұмысшылардың саны биыл 87 мың адамға жетті, көрсеткіш 2,7% артқан. Салада қызмет көрсету көлемі жылдың бірінші жартысында 15,9 миллиард теңгеге жетті, былтырғы осындай кезеңде 18,6 миллион теңге ғана болған. Қызмет көрсету көлемі 17 өңірдің 10-ында бірден азайған.

Еліміз бойынша Түркістан, Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстарында ветеринарлар көп қызмет көрсететін болып шықты. Түркістан облысының жануарларды емдейтін мамандары бір жылда 32,8% артық қызмет көрсеткен. Ал Ақтөбе облысында жұмыс көлемінің артуымен бірге маман да жетпей жатыр.

Ветеринария