Басты бет Жаңалықтар Студенттер күзгі бал байқауына қатысты

Студенттер күзгі бал байқауына қатысты

Алматыда Халықаралық студенттер күніне орай жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарының арасында Күзгі бал байқауы өтті.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Шараға Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы қатысты. Алматының Әуезов ауданының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазылар алқасының құрамында әнші, актер Байғали Есенәлиев болды.

Байқау таныстыру бөлімінен, ән, би, сахналық қойылымнан тұратын «Өнерің өрге жүзсін», сән және шаш үлгілері, «Үздік сурет» пен сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрды, — деп жазылған хабарламада.

Күзгі балдың қорытындысы бойынша, бас жүлдені Қазақ теміржол көлігі университеті мекемесінің жанындағы техника-экономика колледжі жеңіп алды. Бірінші орын Нархоз университетінің экономика колледжіне, екінші орын Алматы университеті мен Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжіне берілді. Үшінші орынға Дінмұхамед Қонаев атындағы колледжі, ЕуразНИ қаржы-экономикалық колледжі және Алматы құрылыс-техника колледжі ие болды.

Байқау жеңімпаздарына алғысхаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version