Басты бет Жаңалықтар Алматының жастар кеңесіне тіркеу басталды

Алматының жастар кеңесіне тіркеу басталды

2019 жылдың 21 қарашасынан бастап Алматы әкімдігі жанынан құрылатын жастар ісі жөніндегі кеңес жас көшбасшыларды қабылдайды.

Жастар кеңесі сайтының хабарлауынша, кеңестің құрамына кіруге қаланың 18 бен 35 жас аралығындағы жастар ұйымдарының өкілдері ғана өтініш бере алады.

Үміткерлерді онлайн дауыс беру арқылы іріктейді. Кеңеске ең көп дауыс жинаған 21 жас қабылданады. Үміткерлерге Almatyjastary.kz сайтында дауыс беруге болады. Ал іріктеуге қатысу үшін осы сайттың «Жастар кеңесі» бетіндегі «Тіркелу» бөлімінде өтініш қалдыру керек, — деп жазылған хабарламада.

Кеңес беру және ақылдастар алқасының негізгі мақсаты — жастар саясатын жүзеге асыру бойынша берілетін нұсқаулықтарды өңдеу, жастар саясатын жүргізіп, дамытуға үлес қосу мен жастар саясатына бағытталған ұсыныстарды жүзеге асырып, жастарға қатысты мәселені талқылау және тағы басқа.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version